Гибридная Toyota Camry едет по городу

Жаңа
Toyota Camry

Бастапқы жинақтаманың ең жоғарғы қайта сату бағасы (ҚҚС қоса)
18 690 000 ₸
айына 217 212 ₸ бастап

Гибрид нұсқа Бензинді
Бастапқы жинақтаманың ең жоғарғы қайта сату бағасы (ҚҚС қоса)
23 690 000 ₸
18 690 000 ₸
Қаржыландыру
275 321 ₸/ай
217 212 ₸/ай
Қаржылық мәліметтер
Бұл ақпарат тек анықтамаға арналған және ашық ұсыныс болып табылмайды және өтініш берген кезде белгілі бір дилерде осы үлгінің қолжетімділігіне кепілдік бермейді. Көрсетілген ай сайынғы төлем келесі микрокредиттік шарттарды ескере отырып есептеледі: бастапқы жарна автокөлік құнының 50%, мерзімі 60 ай (5 жыл)?, кейінге қалдырылған төлем 30%. Серіктес – «Toyota Financial Services of Kazakhstan» МҚҰ» ЖШС (микроқаржы қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 02.21.0042.М лицензиясы).




Стандартты жарақтандырудың айрықша деңгейі

Жаңа гибридті Toyota Camry-ді — гибридті күштік агрегаттың бесінші буыны бар әсерлі седанды қарсы алыңыз. Онымен бірге қойылған мақсаттарға жеңіл қол жеткізесіз және жаңа көкжиектерге жол ашасыз.

  • Ұшқыр және таңдаулы

    Toyota Kazakhstan

    Дизайны толықтай жаңартылған және әрбір сызығы сырбаздана тартылған классикалық седан

  • Заманауи жүргізушілерге бейімделген

    Toyota Kazakhstan

    Toyota Camry-дің жаңартылған салоны — бұл ыңғайлылық пен жоғары дәрежелі стильдің мінсіз теңгерімі

  • Қолайлы әрі кең салон

    Toyota Kazakhstan

    Camry-дің стильді салонында жайлы сапарларға қажеттінің бәрі бар.

  • Гибридті күштік агрегаттың жаңа буыны

    Toyota Kazakhstan

    Гибридті жетектің бесінші буынының арқасында жаңа қуат деңгейі

  • Инновациялық автокөлік технологиялары

    Toyota Kazakhstan

    Заманауи технологиялар әрбір сапарда жайлылық пен ләззат алуды кепілдендіреді

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары

    Toyota Kazakhstan

    Тыныштыққа және қауіпсіздікке арналған заманауи технологиялар

  • Кешенді кепілдік, толық қорғаныш

    Toyota Kazakhstan

    Қорғаныш шаралары топтамасының арқасында гибридті Toyota Camry-іңізге арналған қауіпсіздік.

Жарқыраған таңдамашылдық

НӘЗІК СЫРБАЗДЫҚ

Гибридті Toyota Camry — бұл сыртынан да, ішкі жағынан да күшті әсер қалдыратын жоғары дәрежелі седан. Шанағының динамикалық сыртқы орамдарының арқасында автокөлікке қозғалыс кезінде жан біткендей көрінеді, ал салтанатты салон әрбір сапар кезінде ұмытылмас жайлылықты кепілдендіреді.

Дизайн

Теңдесі жоқ жасалу шеберлігі

  • Camry Стандарт
    Шанақ түрі
    Жаңа гибридті Toyota Camry-ді — сырт көзге ауырлатылған алдыңғы бөлігі мен төмен орналасқан әдемі шанағы бар динамикалық келбетті седанды ұсынамыз. Оның бедерлі сұлбасы спорттық сипат пен таңдамашылдықты біріктіреді, сенімділік пен энергияның ұмытылмас әсерін береді.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Жаңартылған дизайн
    Жаңа Toyota Camry-дің дизайны үлкейтілген алдыңғы және артқы асылмаларымен, әсерлі ауа қармауыштарымен және бедерлі артқы шамдарымен ерекшеленеді. Жоғары сапалы материалдармен бірге бұл автокөлікке таң қалдырарлық сыртқы көрініс береді және кез келген сапарда сенімділікті кепілдендіреді.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Айрықша келбет
    Toyota Camry-дің екпінді сыртқы орамдары максималды орағытыштық есепке алына отырып жасалған. Төбесі мен капоттың төмен сызығы, сондай-ақ ұзартылған асылмалары ауа кедергісінен қуаттың шығындалуын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Стиль мен ыңғайлылық

  • Camry Стандарт
    Ыңғайлылық пен бірінші сыныпты стильдің үйлестігі
    Жаңа Toyota Camry атқарымдылық пен таңдаулы стиль жараса үйлескен жетілдірілген салонға ие болды. Мұқият іріктелген әрлемесі мен материалдары салонның сән-салтанатын айшықтап тұр.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Сіздің жайлылығыңыз үшін жасалған
    Әсем дизайнды және жоғары сапалы тыстамасы бар сәнді орындықтар кез келген сапарларда барынша жайлылықты кепілдендіреді.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Ауаның жақсартылған сапасы
    Toyota Camry салоны салон ішіндегі ауаны шаң-тозаң мен жағымсыз иістерден тазартатын жоғары технологиялы Nanoe-X ауаны тазарту функциясын қоса алғанда жоғары дәрежелі функциялармен толтырылған.

Салонның сән-салтанаты

  • Camry Стандарт
    Сіздің жайлылығыңыз үшін ойластырылған пішін
    Toyota Camry-дің сыйымды жүксалғышы дүкенге барудан бастап саяхаттарға дейін кез келген міндеттерге тамаша сай келеді.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Кез келген міндеттер үшін жасалған
    Жаңа Toyota Camry-дің салоны материалдарының жоғары сапасымен және ойластырылған конфигурациясымен ерекшеленеді. Deluxe жинақтамасындағы көп функциялы артқы басқару панелі және артқы орындықтардағы ұлғайтылған кеңістік жолаушыларға әрбір сапардан ләззат алуға мүмкіндік береді.
Гибридті нұсқаны пайдаланушылық сипаттамалары

Болашаққа қарай қозғалыс

Жылдамдықты тез үдетуді қамтамасыз ететін және жайлы әрі тыныш қозғалысқа арналған ұлғайтылған қуаты және үнемді сипаты бар гибридті күштік агрегаттың арқасында жаңа қуат деңгейі.

Жүріс сипаттамалары

Гибридті күштік агрегат

  • Camry Стандарт
    Гибридті жетек қуатын дөңгелектерге беру
    Жылдамдықты тез үдету, жоғары тежелу тиімділігі және тамаша отын үнемділігі әрбір сапардан ләззат алуға мүмкіндік береді.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Гибридті күштік агрегатты негізгі техникалы сипаттамалары
    Өз жүргізу стиліңізді жақсарту үшін энергия тұтыну мен отын үнемдеуді қоса негізгі тиімділік көрсеткіштерін цифрлық аспаптар тақтасынан қадағалап отырыңыз.
Гибридті күштік агрегаттың бесінші буыны

Екі жетектің құрамдастырылған қуатының дөңгелектерге берілуі

Toyota Camry-дің таң қалдырарлық гибридті күштік агрегаты болашаққа бағытталып әзірленген және қуаты кез келген қозғалыс жағдайларына артығымен жететін шуылы төмен 2,5 литрлік бензинді қозғалтқышпен жабдықталған. Ағымдағы қажеттілікке байланысты гибридті немесе бензинді режимдерді ауыстырып қосыңыз.

  • Гибрид

    Қозғалтқыш
    Гибридті
    Ең жоғарғы қуаттылығына (кВт/а.к.)
    137/186
    Гибридті жүйенің ең жоғарғы қуаттылығына (кВт/а.к.)
    169/230
    Аралас отын шығыны (л/100 км)
    4
    CO₂ шығарындылары (г/км)
    91
    Екпін алу уақыты 0-100 км/сағ (сек)
    7.2
    Жетек
    Алдыңғы
    Беріліс қорабы
    Гибридті
  • Бензин

    Қозғалтқыш
    Бензин
    Ең жоғарғы қуаттылығы (кВт/а.к.)
    150/204
    Гибридті жүйенің ең жоғарғы қуаттылығына (кВт/а.к.)
    -
    Аралас отын шығыны (л/100 км)
    6.5
    CO₂ шығарындылары (г/км)
    147
    Екпін алу уақыты 0-100 км/сағ (сек)
    8.87
    Жетек
    Алдыңғы
    Беріліс қорабы
    8-АБҚ

Қауіпсіздік, тек қана қауіпсіздік және тағы да қауіпсіздік

Қауіпсіздік

Toyota Safety Sense активті қауіпсіздік жүйелерінің пакеті

  • Camry Стандарт
    Toyota Safety Sense активті қауіпсіздік жүйелерінің пакеті
    Әрдайым сенімді қолдарда. T-Mate жүйесінің жиынтығына Safety белсенді қауіпсіздік жүйесінің соңғы буыны кіреді.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Әрдайым сенімді қолдарда. T-Mate жүйесінің жиынтығына Safety белсенді қауіпсіздік жүйесінің соңғы буыны кіреді.
    Соқтығысуды болдырмау жүйесі басқа автокөліктермен, жаяу жүргіншілермен және велосипедшілермен соқтығысу қаупін қадағалап, апаттардың алдын алуға көмектеседі. Жүйе дыбыстық және визуалдық ескертулер береді және қажет болған жағдайда тежегішті іске қосады. Жүргізуші дер кезінде тежей алмаса, соқтығысудың алдын алу немесе қауіпті азайту үшін тежегіштер автоматты түрде басылады.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Бейімделетін круиз-контроль (ACC)
    Бұл жүйе алдыда жүріп бара жатқан көлік құралына дейін берілген қашықтықты ұстап отыруға көмектеседі. Егер бұл қашықтық қысқарса, жүйе автокөліктің жылдамдығын азайтады және ең шекті жағдайда стоп-сигналдарды қоса отырып, тежегіштерді іске қосады. Егер алдыдағы көлік құралы тоқтаса, ACC жүйесі автокөлікті толықтай тоқтата алады. Жүйелердің жұмысын қайта жалғастыру үшін акселератор педалін жеңіл басу немесе ACC ажыратқышын басу жеткілікті.
  • Camry Стандарт
    Автокөлікті жолақ ортасында ұстау функциясы бар жолдың белгі сызығын байқаусызда кесіп өту туралы хабарлау жүйесі (LTA)
    Автокөлікті жолақ ортасында ұстау функциясы бар жолдың белгі сызығын байқаусызда кесіп өту туралы хабарлау жүйесі автомагистральдармен жүрген кезде қауіпсіздікті жоғарылатады. Ол автокөлікті қозғалыс жолағының ортасында ұстап отырады, егер автокөлік жолақтың жиегіне қарай ығысып бара жатса, рульмен басқаруға жеңіл әсер етеді.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Қозғалысты шұғыл тоқтату жүйесі (EDSS)
    Егер жүйе жүргізушінің біршама уақыт бойы қандай да бір әрекеттер жасамай отырғанын анықтаса, ескертуші дыбыс сигналы беріледі. Егер жүргізуші оны елемесе, EDSS автокөліктің жүріп келе жатқан қозғалыс жолағынан шығып кетуіне жол бермей, оны бірқалыпты тежеп тоқтатады. Бұл ретте апаттық жарық сигналын беру жүйесі іске қосылады және барлық есіктердің құлыптары ашылады. Бұл қозғалыстың басқа қатысушыларына ескерту және қажеттілік туындайтын болса, төтенше қызметтерге автокөлікке кіруді жеңілдету үшін жасалады.

Тұраққа қою және қозғалу көмекші жүйелері

  • Camry Стандарт
    Автомобиль, которому можно доверить свою безопасность Өз қауіпсіздігіңді сеніп тапсыруға болатын автокөлік
    Toyota Camry әрдайым сізге қамқор болады. Жаңа проактивті жүргізу көмекшісі екі тәсілмен соқтығысудың алдын алуға көмектеседі. Баяулату көмекшісі қажет болса, мысалы, баяу жүріп келе жатқан көлік құралына жақындаған кезде автокөліктің жылдамдығын жайымен түсіреді. Рульмен басқару көмекшісі маневр жасауды жеңілдету және ирелең жолдармен жүрген кезде тұрақтылықты жоғарылату үшін руль дөңгелегіне түсірілетін күшті автоматты түрде реттеуге қабілетті.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі (BSM)
    Визуалды ескерту функциясы бар көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі жүргізушіге сырты артқы көрініс айналарынан көрінбейтін көлік құралдары туралы ескертеді. Бұл қозғалыс қауіпсіздігін, мысалы қозғалыс жолағын ауыстырғанда және басып озу кезінде айтарлықтай жоғарылатады.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Қарсы келе жатқан автокөлік жүргізушісінің көзін қарықтыру аймағын автоматты түрде күңгірттеу (AHS)
    Бұл жүйе түнгі уақытта жол қозғалысының басқа қатысушыларының көздерін қарықтырамастан жолдың барынша тиімді жарықтандырылуы қамтамасыз етеді. Басқа жүргізушілердің көздерін шалғай жарықпен қарықтырмау үшін ол фаралар жарығының бағытын автоматты түрде өзгертеді, қарсы келе жатқан автокөлік орналасқан аймақты күңгірттейді, сөйте тұра жолды оңтайлы жарықтандыруды сақтайды.
  • Camry Стандарт
    Жүргізушінің күйін бақылау жүйесі (DMC)
    Руль дөңгелегінің үстінде орнатылған камераның көмегімен бұл жүйе жүргізушінің зейінділігі мен күйін бақылайды. Концентрацияның төмендеу және шаршаңқылық белгілері анықталған жағдайда дыбыстық ескерту беріледі. Сонымен бірге ертең кезеңдерде зейінсіздікті анықтаудың есебінен бұл жүйенің деректері қозғалысты шұғыл тоқтату жүйесінің (EDSS) жұмыс істеу тиімділігін жоғарылату үшін қолданылады.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Апаттық жарық сигналын беру жүйесінің артқы шамдарын автоматты түрде қосу функциясы (ARFHL)
    Бұл жүйе автокөліктің артқы жағындағы көлік құралдарының жүргізушілеріне артқы жақтан соқтығысудың жоғары қаупі туралы апаттық жарық сигналын беру жүйесі шамдарын жыпылықтату арқылы ескертеді. Бұл жақындап келе жатқан көлік құралының жүргізушісін тежегіш педалін басуға итермелеп, соқтығысу қаупін азайтуға көмектеседі.
Таң қалдырарлық технологиялар

Toyota Camry-іңізбен байланысты сезініңіз

oyota Camry-дің жоғары технологиялы салонына назар салыңыз. Кіріктірілген Toyota Smart Connect мультимедиа жүйесі навигацияның және өзге де функциялардың қолданылуын жеңілдетеді, сондай-ақ смартфонды жеңіл жалғауға мүмкіндік береді және оның қолданбалары мен функцияларына ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Технология

Ақпаратқа ыңғайлы қолжетімділік

  • Camry Стандарт
    Барлық қажетті технологиялар
    Toyota Camry-дің салоны қозғалыс кезінде маңызды деректерді көрсету үшін бапталатын аспаптар тақтасы, және проекциялық дисплей және мультимедиа жүйесінің 12,3 дюймдік экраны сияқты таң қалдырарлық технологиялармен жабдықталған.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Бәріне арналған мультимедиа
    Мультимедиа жүйесінің 12,3 дюймдік кең экраны мобильді телефонды ыңғайлы жалғауға арналған Apple CarPlay және Android Auto функцияларымен жабдықталған. Сүйікті музыкаңызды қосыңыз да, сапардан ләззат алыңыз.

Озық әрі қарапайым технология

  • Camry Стандарт
    Премиум сыныпты дыбыс
    Кіріктірілген JBL динамиктері асқан жоғары дыбыстық сипаттамаларға ие және сүйікті музыкаңызды немесе жаңа подкастты тыңдау кезінде шынайы ләззат алуға және бүге-шігесіне дейін сезінуге мүмкіндік береді.

КӨЛІКТІҢ ВИРТУАЛДЫ ШОЛУЫ

Аксессуарлардың көмегімен атқарымдылықты кеңейту

Гибридті Toyota Camry-ді ыңғайлылық пен бірінші сыныпты стильдің үйлестігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін керемет қосымша функциялардың көмегімен өз қалауларыңызға сәйкес бейімдеңіз.

  • Camry Стандарт
    Автокөлікті қорғауға арналған капоттың және бүйір әйнектердің дефлекторлары.
    Капот дефлекторлары шашыраған суды, балшықты және тастарды алдыңғы әйнектен шетке бұрады, ал бүйірлік терезелердің дефлекторлары терезелердің жанындағы ауа ағындарын өзгерте отырып желдің шуылын азайтады.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Жүксалғыштың текстильді кілемшесі
    Пішіні бойынша автокөлігіңіздің жүксалғышымен мінсіз сай келеді және кірленуден және төгілген сұйықтықтардан қорғауды қамтамасыз етеді. Кілемшенің бетіне арнайы сырғанамайтын сурет басылған, ол жүктің сырғып кетуіне жол бермейді.
  • Corolla Комфорт 1.6 МТ Седан
    Жүксалғыштың текстильді кілемшесі
    Жоғары сапалы кілемше жүксалғыштың сыртқы көрінісін өзгертуге мүмкіндік береді және оны қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл берік, ыңғайлы және тазалануы қолайлы кілемше.

Қосымша қызметтер

Жаңа Toyota Camry-ді сатып алуға қажетті қолжетімді қаржылық шешімдер, сақтандыру қызметтері және кепілдіктер туралы көбірек біліңіз.

Қаржы қызметтері

Toyota Financial Services сіздің қажеттіліктеріңізге бейімделген икемді және қолайлы қаржылық өнімдердің ауқымды таңдауын ұсынады.

World map
Toyota Easy

Ай сайынғы төлемдері төмен және несие мерзімің соңында автокөлік құнының 70% дейін төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі бар, арнайы микрокредит беру бағдарламасын пайдаланыңыз

Toyota Rav4
Стандартты несие

1 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге қарапайым несиені өтеу кестесі қажет болса, классикалық шағын несиені таңдаңыз

Toyota Rav4
KINTO лизингі шешімдерінің толық спектрі

Ай сайынғы бекітілген төлемге жаңа Toyota автокөлігінің барлық артықшылықтарын және қамтылған қызметтердің ауқымды спектрін пайдаланыңыз.

Сақтандыру

Toyota Insurance Services арнайы Toyota автокөліктерінің иелері үшін әзірленген автокөлікті сақтандыру бойынша өнімдер мен қызметтердің ауқымды таңдауын ұсынады. Біз сіздің тыныштығыңызды ойлаймыз және сақтандыру бойынша тиімді және қолжетімді шешімдер ұсынамыз.

World map
Пайдалану сипаты есепке алына отырып сақтандыру

Toyota Camry Автопаркі

Тыныштық пен сенімділік

Өзіңізге қызмет көрсету және жөндеу саласындағы Toyota шешімдерін ашыңыз. Кешенді техникалық қызмет көрсетуге ие болуы үшін Toyota авторландырылған сервис орталықтарына хабарласыңыз. «Әрекет етуге шақыру»

World map
Кешенді техникалық қызмет көрсету

Көп жылдар өтсе де Toyota автокөлігіңіз сізді сатып алған күндегідей қуантуы үшін оған авторландырылған сервис орталықтарында сапалы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етіңіз.

Toyota Rav4
Қызметтердің ауқымды таңдауы

Біз техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сапалы қызметтер ұсынамыз.

World map
Toyota сапасы

Біздің сервис орталықтарымызда тек білікті механиктер жұмыс істейді және түпнұсқа қосалқы бөлшектерді ғана қолданады, сондықтан сіз әрдайым Toyota-дан күтетін сапа деңгейіне ие боласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Гибридті күштік агрегат — бұл іштен жану қозғалтқышы мен электр жетектің үйлесімі. Қажет болса, бұл қуат көздері бірге немесе бөлек-бөлек қолданыла алады.

Кейбір қозғалыс жағдайларында, мысалы, орыннан қозғалғанда және 50 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықпен жүргенде гибридті автокөлік тек электржетекті пайдалана алады. Аккумулятор батареясы зарядының деңгейі төмендеген кезде іштен жану қозғалтқышы қосылады және оның қуатының артық бөлігі батареяны зарядтауға қолданылады.

Toyota гибридті автокөліктері инновациялық өздігінен зарядталу технологиясымен жабдықталады◊. Аккумулятор батареяларын зарядтау қозғалыс кезінде автоматты түрде орындалады. Осының арқасында қосымша зарядтау қажет емес, және жүргізуші жүріс қоры немесе зарядтау станцияларын іздеу туралы уайымдамайды.

◊ Өздігінен зарядталатын гибрид іштен жану қозғалтқышымен және бір не бірнеше электрмотормен жабдықталады. Олардың барлығы бір жоғары технологиялы күштік қондырғыны құрай отырып, бірге жұмыс істейді. Электрқозғалтқыш дөңгелектерге қосымша айналдыру моментін беру арқылы динамиканың жақсаруын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар тартқыш батареяны зарядтайтын генератор ретінде әрекет ете отырып, отын шығынын азайтуға көмектеседі.

Toyota гибридті автокөліктерінде инновациялық технологиялар қолданылады, олардың арқасында аккумулятор батареяларының қызмет ету мерзімі автокөліктің бүкіл қызмет ету мерзіміне есептелген. Мұндай автокөліктің конструкциясында кейбір механикалық тораптар, мысалы, ілінісу, генератор және стартер жоқ, осының арқасында болашақта болжанбаған шығыстар тәуекелі төмендейді. Оған қоса аккумулятор батареясын қоса гибридті электржетектің барлық компоненттеріне жаңа автокөліктің сатылған сәтінен бастап 10 жыл бойы / 190 000 км* барысында кепілдік әрекет етеді. *Қайсысы ертерек орын алатынына қарай.

Гибридті электромобильдердің үш типі бар: жеңіл гибридті, өздігінен зарядталатын және қосымша зарядталатын. Жеңіл гибридті автокөліктерде электрқозғалтқыш тек жылдамдықты үдеткенде және тұрақты жылдамдықпен жүргенде ғана іштен жану қозғалтқышына қосымша ретінде қолданылады — автокөлік тек электр тарту күшімен қозғала алмайды. Toyota Hybrid гибридті автокөліктері қала ішіндегі жол жүрудің 80%-ында және 50 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен жүргенде тек электр энергиясын ғана қолданады. Қосымша зарядталатын гибридті автокөліктер кәдімгі гибридтер секілді жұмыс істейді, алайда олар электржетекті анағұрлым тиімді қолдануға арналған сыйымдылығы көбірек аккумулятор батареясымен жабдықталады.

Жаңа Toyota Camry-дің артықшылықтары: Кепілдік, қызмет көрсету және қаржылық мүмкіндіктер.

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағындағы Toyota ресми дилерлік орталықтарында сатып алынған жаңа буындағы (80) Toyota Camry көлігіне басқасымен қатар гибридті жүйенің барлық компонентін (батарея, электрмоторлар және т.б.) өтейтін, қайсысы ертерек болатынына байланысты 10 жылға немесе 190 000 км-ге дейінгі кепілдік беріледі.

- Зауыт кепілдігі қайсысы ертерек болатынына байланысты 3 жыл немесе 100 000 км жүрілген жол бойы қолданылады

- Relax кепілдігі қайсысы ертерек болатынына байланысты 3–10 жыл немесе 100 000–190 000 км жүрілген жол бойы қолданылады. Relax кепілдігі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағындағы кез келген Toyota ресми дилерлік орталығында негізгі регламенттік техникалық қызмет көрсету негізінде белсендіріледі және кепілдік ақысын бөлек төлеуді қажет етпейді.Сілтемесі арқылы өтіп, Relax кепілдігінің талаптарымен толығырақ таныса аласыз.

Toyota жаңа буынды Toyota Camry жинағымен жүретін бес жыл ішінде бес техникалық қызмет көрсетуге арналған ToyotaCare қызмет көрсету жоспарын ұсынады. Техникалық қызмет көрсетуге қосалқы бөлшектер мен арнайы сұйықтықтарды ауыстыру жұмыстарын орындау, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес автокөлік агрегаттарын тексеру кіреді. Уақыт өте келе қосалқы бөлшектердің, арнайы сұйықтықтар мен қызметтің бағасы жоғарылайтынына қарамастан, ToyotaCare бағдарламасының аясында техникалық қызмет көрсету тегін жүргізіледі. 

Икемді кредит беру және лизинг шарттарын қамтитын, Toyota Finance ұсынған қаржылық мүмкіндіктер қолжетімді. Бұл сізге тиімді шарттармен жаңа автокөлік сатып алуға және қаражатыңызды тиімді басқаруға көмектеседі.

Trade-In қызметі ескі автокөлігіңізді пайдамен жаңасына айырбастауға мүмкіндік береді. Қазіргі автокөлігіңізді тапсырып, оның құнын жаңа Camry ақысын төлеу үшін қолдана аласыз, бұл көлік сатып алуды анағұрлым қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.