Тoyota-ның түпнұсқалық майлары

TOYOTA ФИНАНС

Тoyota компаниясы әлемдегі ең үздік автокөліктердің бірін шығаратынын мақтан етеді. Сондықтан біз өз клиенттерімізге жеткізетін қосалқы бөлшектер мен аксессуарлардың егжей-тегжейлі тексерілгендігі, өте сенімді және тиісті автокөліктерге толықтай сәйкес келетіндігі табиғи нәрсе.

 

Жоғары сапалы мотор майлары біз ұсынатын түпнұсқалық өнімдердің ішінде аса маңызды орындардың біріне ие.

 

Тoyota-ның түпнұсқалық майларының барлығы тек халықаралық АРІ (Америкалық мұнай институты) мен АСЕА (Еуропалық автоөндірушілер ассоциациясы) стандарттарына ғана емес, өнім сапасына қойылатын қатаң талаптар мен эксплуатациялық сипаттамаларға да сай келеді. Тoyota компаниясы өз майларын Тoyota автокөліктерінің түпнұсқалық қозғалтқыштарын пайдалана отырып, шынайылыққа жақын жағдайларда сынақтан өткізеді. Сондықтан Тoyota-ның жағармайлары жоғары сапа мен қозғалтқыштың өте жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сипаттамаларға ие.

 

Біздің өнімдер топтамасындағы маңызды орындардың бірін механикалық қораптар, дифференциалдар және автоматты беріліс қораптары үшін шығарылатын трансмиссиялық майлар алады.

 

Тoyota-ның түпнұсқалық майлары Тoyota автокөліктерінің жаңа да, бұрын шығарылған да үлгілерінің барлығына қолданылады. Сондықтан Сіздің ресми Тoyota дилеріңіз дәл Сіздің автокөлігіңізге толықтай сай келетін Тoyota майын ұсына алады.


Сіз қозғалтқыштағы мотор майының деңгейі мен жағдайын үнемі тексерудің Сіздің қозғалтқышыңыздың өмірін ұзартатынын, оның жұмысын жақсартып, оны күтуге кететін шығындарды азайтатынын білесіз бе? Біз Сізге май деңгейін үнемі тексеріп, Тoyota-ның тек ресми дилерлері мен уәкілетті серіктестерінде ғана тексерістен өтуге кеңес береміз.